Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық — Президент

Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.«Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады», — деді Президент. Мемлекет басшысы халқымыз өте ауыр сынаққа тап болғанын баса айтты. «Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар — бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созып жатқанына назар аудартты. «Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы — балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мұратбек Қасымбай танымал ММА спортшысына қарсы екінші кездесуінде тең түсті
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды