Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.Партия мүшелері бүгін Елордадағы «Астана су арнасы» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Жиында ұжым еңбеккерлері қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді көтерді. Өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Алаңдатқан сұрақтарын қойып, жауап алды. Шара барысында саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Жалпы партия белсенділері бүгінге дейін 300-ге жуық іс-шара өткізген. Алдағы уақытта оның санын 500-ден асыруды жоспарлап отыр. Талғат ОМАРОВ, ЖСДП МҮШЕСІ: Ұжыммен кездестік. Ауыл шаруашылық мәселесін көтердік, экология мәселесі және жастар саясаты мәселесін көтеріп, соның бәрін талқылап, бір ойға келгендей болдық. Өйткені ол кісілер сұрақ қойғанда өз ойымыздан шығады ма, мұның жауабы деген сұрақ қойылады ғой.