Қай қоғамда болмасын еңбек адамының рөлі зор. Бүгін Елордада "Еңбек жолы" республикалық фестивалының жеңімпаздары марапатталды. Дүбірлі додаға қатысуға 600-ге жуық өтініш түскен. Үміткерлер "Үздік еңбек әулеті", "Жас маманның тәлімгері", "Өндірістің үздік жас маманы" номинациялары бойынша бақ сынады. Еңбек күніне орай өткізілген байқауға әріптесім Сүндет Оралбеков барды. Дүбірлі додада бақ сынағандар өз өңірінің еңбек озаттары. Олардың қатарында құрыш қолды құрылысшы, адам жанын арашасы дәрігерлер, білгенін балаға үйретуден жалықпайтын ұстаздар бар. Жобаның басты мақсаты еңбек адамына деген құрметті арттыру және жастарға үлгі ету. Сәкен ДІЛДАХМЕТ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Бұл байқаудың жылдан жылға маңызы артып келеді. Бұған дәлел қатысушылардың санының көбеюі. Сайыс 2016 жылдан бері өткізіледі. Жеңімпаздарды комиссия мүшелері белгілі бір ерекшеліктеріне қарап таңдады. Сейітжановтар әулиеті энергетика саласында еңбек етіп жатқалы 175 жылдан асқан. Қабиден Омарғалиұлы 1994 жылы Атбасардан Екібастұзға көшіп барып, ЕкібастұзГрэс 2 зауытына жұмысқа тұрады. Содан бері сол зауытта әулеттің 11 адамы қызмет етуде. Ол қаланы энергиямен қамтамасыз етіп отырғанымен мақтанады. Қабиден ОМАРҒАЛИҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен әрдайым айтып отырамын, бір әулиеттің бір жұмыста істеуі бұл үлкен жетістік. Қазір электро-энергиясынсыз өмір сүру мүмкін емес. Жүріс-тұрысымыздың барлығы осыған байланысты. Біз әрбір үйге жылулық сыйлап, энергиямен қамтамасыз етіп жатқанымызға қуанамыз. Менің немерелерім де осы салада қызмет етеді деп ойлаймын. Нұрқаси Абатов "Жас маманның тәлімгері" аталымын жеңіп алды. Ол 28 жыл қарағанды медицина университетінде білім беріп келеді. Айтуынша адам баласы білгенін басқаға үйретуі тиіс. Өмір бойы түйген-білгенін өзімен алып кету адамдыққа жатпайды дейді. Нұрқаси АБАТОВ, "ЖАС МАМАННЫҢ ТӘЛІМГЕРІ" НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Бүгінгі номинацияға берген азаматтар бар. Бермегендер бар. Әрқайсысы осы номинацияға лайық деп есептеймін. Осы номинацияға қатыспаған қаншама біздің ұстаздарымыз бар. Қазақтың азаматтары бар. Мененде жоғары деп ойлаймын. Дегенмен бүгін жұлдызым жанып осы номинацияға келіп отырмын. Сан саланың майталмандары қатысқан сайыста 9 адам жүлделі орынға лайық деп танылды. Еселі еңбекпен есейгендер өскелең ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Ұрпақтар сабақтастығының үлгісін көрсетті.