«Еңбек жолы» республикалық конкурсына 591 өтініш түскен. Байқау Еңбек күніне орай ұйымдастырылуда. Конкурс жыл сайын үш номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңнен тұрады. Басты мақсат жұмысшы әлеуметтерін насихаттап, жастарды еңбекке ынталандыру. Жалпы елімізде 9 миллион 600 мың адам жұмыс істейді. Олардың 6,8 миллионы жалдамалы. Ал, 800 мың адам білім саласында қызмет атқарса, қызмет көрсету мен сауда саттық салаларында 1,3 миллион адам еңбек етеді. Жыл сайын елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі аталып өтіледі. Ақмәди САРБАСОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Біздің бірінші номинация «Еңбек әулеті» номинациясын айтсақ, ол бойынша 143 өтінім келді. Тағы да бір номинация айтсақ жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері ол номинация бойынша биыл 215 өтінім қабылданды. Бірінші орын иегерлері конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға құқығы бар. Конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын біздің еңбек министрлігінің жанындағы комиссия айқындайды.