Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еңбек нарығында пайда болатын үш жаңа мамандық жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Ақтөбеде үш бакалавриат бағдарламасы енгізіледі: геоинженерия, компьютерлік ғылым және электроинженерлер де дайындай бастаймыз. Оның бәрі де - жергілікті команиялар CNPC, "Қазхром", "Ақтөберентген" мекемелерінің сұранысы. Біз жаңа мамандықтарды нарықта танымал кәсіптермен байланыстырмаймыз. Негізінен олар - 100 пайыз инженерлік-техникалық мамандықтар. Біз оларды нақты өңірлік компаниялардың сұранысына сай байланыстырамыз", - дейді Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумы аясында берген сұхбатында.Еске сала кетсек, бұған дейін Саясат Нұрбек болшақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атаған болатын.Министрдің айтуынша, болашақта инженерлерге, ұстаздарға, медицина қызметкерлеріне, көлік және тасымалдау, сондай-ақ ауыл шаруашылық саласының мамандарына сұраныс арта түседі.