Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша коммуналдық сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысындағы баяндамасында қазақстандықтарды су, жылу, электр энергиясымен қамтамасыз ету тұрғын-үй коммуналдық жағдайдың жай-күйін толығымен жаңарту керектігін атап өтті."Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді", - деді Қуантыров үкімет отырысында. Оның айтуынша, коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру үшін "Табиғи монополиялар туралы" заңның 22-бабына өзгерістер енгізіліп, коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекерушілердің жалақысын 50 пайыздан 100 пайызға дейін көтеру жоспарланған."2023-2029 жылдарға 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту көзделіп отыр. 2029 жылдарға қарай желілердің тозуын 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді", - деді министр.