Елімізде мүгедектігі болса да еңбекке жарамды адамдардың 36 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Енді мүмкіндігі шектеулі жандарды медициналық және әлеуметтік оңалту, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселері назарға алынбақ. Сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен ерекше азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Оған қоса инклюзивті білім беру бағытындағы олқылықтардың алдын алу қарастырылуда. Өйткені ерекше оқытуды қажет ететін бала көбейген, алайда оқытушылардың 50 пайызы мұндай форматқа дайын емес. Айта кетейік, мүгедектігі бар жандарды оңалтуға байланысты бірқатар ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданады. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Бәріне тең мүмкіндік берілетін инклюзивті қоғам қалыптастыру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларындағы маңызды басымдықтарының бірі. Біріншіден, бұл – медициналық көмекке тең әрі әділ қолжеткізу, сапалы білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге арналған мүмкіндіктер. Бұл ретте әлеуметтік оңалтуды дамыту аса маңызды.