Енді балалар немесе олардың өкілдері қазақстандағы барлық деңгейдегі соттармен қаралып шыққан шешіммен келіспесе, Біріккен ұлттар ұйымына тікелей шағымдана алады. Халықаралық конвенцияға қатысты хаттаманы бүгін сенат депутаттары ратификациялады. Заң бала құқықтарын қорғау деңгейін арттыруды көздейді. Ал халықаралық ұйымның комитеті әрбір істі қарап, нақты шешім қабылдайды. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Елімізде өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрдайым басты назарда. /Сондықтан Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының бұл саладағы бастамаларын толығымен қолдайды. Бүгін қаралған хаттама соның дәлелі. Бұл құжат елімізде балалардың мүдделеренін қорғау тетіктерін жетілдіру үшін қосымша занамалық негіз қалыптастырады деп сенеміз.