Енді бірнеше кредитіңіз болса да, автонесие ала аласыз

Енді банкте бірнеше несиесі барлар да автонесие ала алады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шарттарды өзегртпек. Ол қашан жүзеге асады? Толығырақ "Экономика" топтамасында. Жаңа темір тұлпар тізгіндегісі келіп жүргендердің құлағына алтын сырға. Енді бірнеше кредитіңіз болса да, автонесие ала аласыз. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірнеше өзгеріс енгізбек. Қаулы қабылданса, банктер несие жүктемесінің коэффициентіне қарамайтын болады. Тек соңғы 6 айдағы банкке берешегіңіздің төлемдерін тексереді. Барлығы талапқа сай болса көлік кепілге қойылып, қарыз алушыға беріледі. Егер несие өтелмеген жағдайға кепілге қойылған машинаны сату арқылы қарызыңызды жабасыз. Жауаптылар бұл жайт отандық автомобиль өндірісінің дамуына үлес қосады дейді. Сатылым да артатынына сенімді. Аталған өзгеріс қазір талқыланып жатыр. Айта кетейік, сала министрлігі 2027 жылға қарай 200 мыңға жуық көлік шығаруды жоспарлап отыр. Қазір көпшілік кәсіп бастаса бірден банкке жүгінетін болды. Бизнесін дөңгелету үшін несие алады. Биыл наурыз айында кәсіпкерлерге 1,3 трлн теңге қарыз берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайыз артық. Жалпы бизнес субъектілерінің банкке берешегі 11 трлн теңгеден асады. Ал халықтың 17,5 трлн теңге қарызы бар. Оның 5жарым трлн теңгесі ипотекалық, 11 трлн теңгеге жуығы тұтынушылық қарыз. Алмақтың да салмағы бар. Несібесін несиеге байлап, кейіннен төлей алмай жүргендер көп. Олардың қарызы 929 млрд теңгеден асқан. Экономист Бауыржан Ысқақ қаржы ұйымдары халыққа тұтынушылық кредитті беруін азайту керек дейді. Бауыржан ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ: Жалпы біздің Ұлттық банктің банктік саясаты өзгеруі керек. Яғни екінші деңгейлі банктердің 70 пайызға жуық қаражаты экономиканы дамытуға бағытталуы керек. Шағын және орта бизнес, өңдеуші, өндіруші секторды. Жалпы экономикаға ақша алып келетін салаға қарай бағытталу керек. Тек қана 30 пайызбен біздің тұтынушылық несиелерімізді, яғни, телевизор сатып алу, телефон деген сияқты. Елімізде жерлеу қызметінің орташа құны 13 пайызға өсті. Жекелей алғанда Батыс Қазақстан облысында 39 пайызға, Абай мен Ақмола облысында 30, Шымкентте 10 процентке көтерілген. Негізінен баға көп жағдайда сұраныстың артуы салдарынан қымбаттайтын. Бірақ сарапшылар елдегі елдегі өлім-жітім соңғы бір жылда 3 пайызға, жерлеу қызметтерінің жалпы көлемі 43 пайызға азайғанын айтады. Бағаның шарықтауына коммуналдық қызметтер бағасының өсуі себеп дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қорғаныс министрі отандық кәсіпорын басшыларымен кездесті
Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасыларына қолдау керек – Мәулен Әшімбаев
Астанадан Атбасар мен Көкшетауға жүретін жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)