Енді букмекерлер салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынатын болды: Бұл қаншалықты қауіпсіз

2024 жылдың 12 ақпанынан бастап букмекерлер мен тотализаторлар салық органдарына бәс тігу мәліметтерін ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Мемлекеттік кірістер комитеті Арнаулы салық режимдері басқармасының басшысы Ерқанат Шымберген ведомствода өткен брифингте 2023 жылдың 12 желтоқсанында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілгенін айтты."Өзгерістердің бірі – букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың мемлекеттік кірістер органдарына бәс тігу туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесі. Бұл мәліметтер ықпалдастырылған режимде беріледі. Салық органдары мен букмекерлік кеңселер арасында ықпалдастырылған өзара іс-қимыл болады. Букмекерлік кеңселерде аппаратық-бағдарламалық кешен бар", – деді комитет өкілі. Ерқанат Шымбергеннің айтуынша, онда бәс тігу, ұтысқа қатысушылар туралы барлық дерек тіркеледі. "Осы деректердің бәрі салықтық әкімшілеу мақсатында мемлекеттік органдарға беріледі. Бұл түзету осы жылдың 12 ақпанынан бастап күшіне енеді. Содан кейін ықпалдастықтың тиісті ережесі, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарына берілетін мәліметтер құрамы бекітіледі. Жалпы, бұл ереже ықпалдастық тәртібін, сондай-ақ берілуі тиіс мәліметтер құрамы қарастырылады", – деді ол. Осы орайда ол ел тұрғындарының жеке деректерін мемлекеттік кірістер органдарына беру қаншалықты заңды екендігін айтты."Бұл деректер салықтық әкімшілеу мақсатында ғана пайдаланылады. Яғни, бұл ЖСН туралы бұл мәліметтер салықтық құпия саналмайды. Олардың құпиялылығы тиісінше заңнамалық актілермен қамтамасыз етіледі. Бұл мәліметтерді салық органдары ғана қолданады. Оны жария еткені үшін жауапкершілік бар", – деді Ерқанат Шымберген. Еске салайық, 2024 жылдың 5 ақпанында елімізде букмекерлік кеңселер мен лотерея ұйымдастырушыларды әр ойын мен оның қатысушылары туралы барлық деректі Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) беруге міндеттелетіні туралы жаздық.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда 16 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
12 мың доллар берген: Қымбат Досжан Жәнібекті шетелге сатып жібергендерді ақыры тапты
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды