Енді дәріханаларда отандық препараттар сатылмауы мүмкін

Енді дәріханаларда отандық препараттар сатылмауы мүмкін. Өйткені 2 жылдан кейін дәрілік заттарға берілген барлық тіркеу куәлігінің күші жойылады. Салдарынан елдегі кәсіпорындарда шығарылатын дәрі-дәрмектің басым бөлігі нарықтан кетеді. Бұл тапшылық туындатуы мүмкін. Онсыз да соңғы екі жылда тұрғындарды препаратпен қамту екі есе төмендеген. Нақтырақ, тұрғындардың 50 процентіне ғана үлестірілді. Марина ДУРМАНОВА, ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге аспақ. Енді бізге тіркеу куәліктерін сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау қажет. Бізде отандық өндірісті дамыту үшін заңнамаға қажетті нормаларды жылдам енгізу тетігі жоқ. Денсаулық сақтау саласында бұдан басқа да мәселе көп. Елде скрининг арқылы ауру патологиясын анықтау үлесі төмендеген. 3 миллион адам профилактикалық тексерістен өте алмай жүр. Өйткені тұрғындар МӘМС жүйесіне тіркелмеген. Қазір бұл қорға қатысты шағым аз емес. 14 процентке артқан. Денсаулық сақтау министрі салаға 2,6 трлн теңге бөлінсе де, қолжетімді медициналық көмектің сапасы артпай отыр, - дейді. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Медициналық қызметтердің сапасыздығына, оны ұйымдастырудағы кемшіліктерге, этика мен деонтологияның бұзылуына шағымдар мен өтініштер саны артып отыр. Шағымдардың көбі Алматы облысы, Жетісу және Абай облысында байқалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ақыры дегеніме жеттім»: Қазақ қызы баскетболдан Моңғолия ұлттық құрамасының сапында ойнайды
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Алматы маңында жер сілкінді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты