Енді Қазақстанда фейк үшін айыппұл салынады және блогерлерге желідегі жарнаманы арнайы белгімен таңбалауға міндеттеледі

Қазақстанда интернеттегі жарнамалық контентті арнайы белгімен таңбалау міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Заң жобасы онлайн платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Атап айтқанда, қолданыстағы қылмыстық жауапкершілікпен қатар желіде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу көзделуде. Онлайн-платформалардың қарапайым пайдаланушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін - 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге). Онлайн-сайттардың интерфейстері мен модерациясына ұлттық тіл енгізілмек. Бұл әлеуметтік желілердің алгоритмдеріне қазақ тіліндегі мазмұнды модерациялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, блогерлерге дұрыс емес ақпаратқа және салық төлеуден жалтаруға қарсы күресте мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға міндеттеледі. "Ол үшін интернет желісінде осы ресурсты пайдаланушылар санын айқындау жөніндегі бағдарламаны белгілеу және жергілікті уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайтын заңды өкілді тағайындау талабы енгізіледі. Интернеттегі платформаларда заңсыз контент табылған жағдайда, заңды өкілге оны жою қажеттілігі туралы хабарланады. Осы талап сақталмаған жағдайда уәкілетті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы", - деп түсіндірді Баққожаев. Сондай-ақ "Онлайн платформалар мен онлайн жарнама" туралы" заң жобасын таныстыру барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов тағы да басқа жайттарды түсіндірді. "Біріншіден, тұжырымдамалық ақпаратты өзектендіру. Бұл жерде әлеуметтік желілердің субъектілеріне және сол саладағы бірнеше терминге нақты анықтамалар, түсініктемелер беріледі. Екіншіден, онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру. Яғни, қазақ тіліндегі контентті модерациялау, монетизациялау, онтерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері. Үшіншіден, интернеттегі жарнама саласын экономикалық тұрғыда қарастыру. Төртіншіден, мазмұнға қойылатын талаптар. Енді бұл заң жобасын бірінші кезекте қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді деп есептейміз. Сондай-ақ, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі", - деді ол. Ахетов онлайн жарнаманы реттеу саласындағы шет мемлекеттер тәжірибесіне тоқталды. "Қазіргі таңда халықаралық тәжірибедегі бір-екі мәселені атап өтсек. Германияда 2018 жылы қабылданған заң бойынша 2 миллионнан астам жазылушысы бар медиа платформар зиянды ақпаратты жоюға міндеттелген. 2022 жылдың 23 сәуірінде Еуроодаққа қатысушы елдер қабылдаған заңнама бойынша шағым беру, өтініштерді қарау, контентті модерациялау және онлайн жарнама тетіктеріне көзделген әлеуметтік желілер алгоритмдерін белгілеу көзделген", - деді Қайнар Ахметов. Оның дерегінше, Қазақстанда 13 млн 800 мың адам – әлеуметтік желі пайдаланушысы. Бұл – Қазақстан халқының 70 пайызынан астамы. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды