Енді қоғамдық орында балағат сөз айтсаңыз, 69 мың теңге айыппұл арқалайсыз

Аузыңызға абай болыңыз! Себебі енді қоғамдық орында балағат сөз айтсаңыз, 69 мың теңге айыппұл арқалайсыз. Заң бүгіннен бастап күшіне енді. Мұны жұрт қалай қабылдауда? Тілшіміз Дәрібек Бахытбек жұртшылықтың пікірін білді.Балағат сөз үшін жауапкершілік заңнамада бұрыннан көзделген. Бұл жолы айыппұл 4 есе артты. Көп адам мұны құптаса, кейбіреулер қолдамайды. БЛИЦ: - Балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салу бастамасын қолдаймын. Бірден тыйылмағанмен, бірте-бірте түзеледі деп ойлаймын. - Меніңше жалпы боғауыз сөз айтқан адам сол қалпында қалады еш өзгеріссіз қалады деп ойлаймын. Себебі, бір боғауыз аузынан байқаусызда шығып кеткен жағдайда халықтың қалтасын тоңау деп ойлаймын. - Айыппұл салған дұрыс деп санаймын. Қоғамдық жерде балаңмен кетіп бара жатқанда, көпшіліктің боғауыз сөз айтатынын жиі естимін. Қоғам белсенділері айыппұл салған жөн. Осылай ғана қоғамды түзей аламыз дейді. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Жазаның болуы меніңше қоғамды кішкене тәрбиелейді деп ойлаймын. Жалпы қазақ өзі айтқан ғой аузы жаман елді былғайды деп. Жақсы сөз жарым ырыс дейді ғой қазақ. Сондықтан жалпы жақсы сөйлеп үйренуіміз керек ғой. Ресми мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері балағат сөз айтқаны үшін 250 адам айыппұл арқалаған. Айыппұл мөлшері -2 млн 588 мың 500 теңге. Бұл- бір ғана Елорда бойынша көрсеткіш. Азамат ӘЖІБАЕВ, САРЫАРҚА АУДАНЫ ПБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балағат сөз айтқаны үшін 5 АЕК тартатын болса, қазіргі таңда 20 АЕК дейін санкциясы жоғарлады 69 мың теңгеге дейін. Мысалы айтатын болсақ, қоғамдық орында белгісіз тұлғалардың көзінше балағат сөздер кәмелетке толмаған азаматтардың көзінше осындай сөздер айтқаны үшін осындай жауапкершілікке немесе қамаққа алынатын болады. Бұл шаралар қоғам тәртібін түзеп, балағат сөздердің қолдану аясын тарылтады деген үміт бар дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желіде апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің әңгімесі тарады
Қазақстанда аса ауыр қылмыстар мас күйде жасалады
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды