Енді мектептерді бағалау өзгереді

Қазақстанда мектептерді бағалау өлшемшарттары өзгертіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Жақында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылғы 15 мамырдағы №106 бұйрығымен білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді.Құжатқа сәйкес, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалауына арналған өлшемшарттар жаңа редакцияда жазылды."Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45%-дан жоғары, гимназиялар – 50%-дан жоғары; шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер – 30%-дан жоғары болуы тиіс", – деп жазылған.Айта кететіні, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 10 жылдан асатын мұғалімдерге "педагог-сарапшы" біліктілік санаты беріледі.Бұдан басқа толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 35%-дан 44% аралығында, гимназиялар – 40%-дан 49% аралығында делінген.Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш жалпы білім беретін мектептер – 25%-дан 29% аралығында."Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін: жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан 34% аралығында, гимназиялар – 30%-дан 39% аралығында болуы тиіс.Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында:жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан 24% аралығында болса, толық жинақталған білім беру ұйымдарында: жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан төмен, гимназиялар – 30%-дан төмен; шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін: жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан төмен болуы тиіс", – деп көрсетілген.Бұйрықта жазылғандай, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін бұл көрсеткіш 65%-дан жоғары.Оның ішінде аудандық немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер болған жағдайда деп көрсетілген.Министрлік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, яғни колледжерді бағалауға арналған өлшемшарттарға да өзгерістер енгізіп отыр. Бірқатар көрсеткіштер жаңа редакцияда жазылған.Әсіресе, бұл педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушінің, педагог-шеберлердің және магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы және тағы да басқа ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесіне қатысты.Тиісті бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күннен соң қолданысқа енгізіледі деп күтіліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
Теміртас Жүсіпов пен Назым Қызайбай ҚР чемпионаты финалына шықты
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды