Енді сабақта телефон ұстауға шектеу қойылады. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын қабылдады. Егер мұғалім оқу процессінде кейбір қосымшаларды пайдалану керек болса, онда смартфонды қолдануға рұқсат береді. Ал үзіліс кезінде еш шектеусіз пайдаланады.Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Нақты осындай норма енгізіліп отыр. Яғни, сабақтың үстінде бала тек қана сабақ оқуы керек. Ал телефон пайдалануға қатысты норма бар. Мектеп пен аурухана жоқ аудандарда көпқабатты үй салуға тыйым салынады. Жаңа заң жобасы осы мәселені де қамтиды. Бұдан бөлек, елде тозығы жеткен мектеп көп. 30 жылдан бері тексерістен өтпеген апатты білім ошақтарының саны 50-ден асады. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Кейінгі кезде мектеп ғимараттарының төбелерінің құлауы сияқты фактілер жиілеп кетті. Сондықтан, осындай біраз жылдар бойы жұмыс істеп тұрған ғимараттарды әр 5 жыл сайын тексеріп тұру өте маңызды деп санаймыз.