Енді суға ешкім батпайды. Суда жүзетін велосипед жасалды

Француздық Seabike компаниясы аяқтың күшін пайдаланып, суда адамнан жылдам жүзетін құрылғы жасап шығарды. Құрылғы су астындағы велосипедке ұқсайды. Мұндай құрылғы бұрын болмаған.Енді суға ешкім батпайды. Суда жүзетін велосипед жасалды Бұндай велосипедпен моторлы қайықтай су бетінде немесе су астында жеңіл сырғанайсыз. Адамға суда жоғары жылдамдықпен жүзуге көмектесетін жаңа құрылғымен newatlas.com сайты таныстырды. Балықтармен жарысып жүзуге болатын «су велосипедінің» керемет мүмкіндіктерін Aikyn.kz америкалық сайттағы материалға сүйеніп талдайды.Seabike тірегін қалаған ұзындыққа ұзартып, белдікпен белге байлап, балықтай жүзесіз.Сіз мұндай «су астындағы ұтқыр құрылғыны» бұрын көрдім деп айта алмайсыз. Өнертапқыштардың идеясы өте қарапайым: сіз Seabike тірегін қалаған ұзындыққа ұзартып, белдікпен беліңізге байлайсыз. Содан кейін педальдарды аяқтарыңызға бекітіп, иінді айналдыра бастайсыз. Ол 38 см өлшемі бар екі қалақты винтті айналдырып сізге суда үлкен жылдамдықпен жүзуге көмектеседі. Мұндай велосипедпен қозғалтқышы бар сүңгуір қайықтай су бетінде немесе су астында жеңіл сырғанайсыз. Тереңге сүңгуді ұнататындар акваланг құрылғысын киіп, су велосипедін қолдана алады. Ол акваланг қондырғысымен толық үйлесімді. Пропеллер екі бағытта да жұмыс істейді, сондықтан сіз бұл нәрсені төңкеріп, винтті алдыңызда ұстап, педальді қолыңызбен айналдыра аласыз. Бұл дәстүрлі жүзумен салыстырғанда әлдеқайда қызық болуы мүмкін және велосипед байлап суға түскен адамды құрылғы батып кетуден қорғайды.Seabike жабық бассейнде пайдалануға жарамды. Бұл құрылғы суға батпайды, оны жоғалтып аламын деп қорықпайсыз, су астында жоғалтып алсаңыз, ол судың бетіне өзі қалқып шығады. Seabike ашық теңізде жылдам жүзудің керемет қызықты тәсілі. Ең бастысы, бұл құрылғыны қуаттаудың қажеті жоқ, бір-екі хот-дог жеп алсаңыз жүзуге бірден дайын бола қалады. Барлығы электр қуатымен жүретін заманда Seabike өте қарапайым және үнемді механикалық құрылғы. Seabike компаниясы бұл жаңа су велосипедін 310 долларға бағалап, сата бастайтын сияқты. Идея әлі де әлемнің назарын өзіне аудара қоймаған, бірақ бірнеше айда оны барлық жүзгіштер мен саяхатшылар ұната бастайтыны сөзсіз. Өйткені Seabike өте қызықты көрінетін қарапайым және ақылды гаджет. Адамдардың көпшілігі жүзуді үйрену кезінде қолы мен аяғын үйлесімді қозғалтуға қиналады. Енді Seabike көмегімен аяқпен нені басу керек деген сұрақ туындамайды. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғымен адам қанаты бар жүзушіге айналып, суда жылдам қозғалатын болады.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Әкемнен естідім»: Ақтаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсырып жатыр
Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды