Енді вейп сатқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салынады. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады. Енді электронды темекілерді әкеліп, өндіріп, тіпті сатып таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни, 50 тәуліктен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қазіргі кезге дейін вейптердің таралуы бейресми ақпарат бойынша 200 есеге өскен. Оларды қазір қаптап, барахолкада, болмаса кез-келген дүкеннен балалар сатып алу мүмкіндігі қолына ие. Сонымен қатар жуырда "балалар фонды" атты қоғамдық ұйымның кішігірім әлеуметтік зерттеуі бойынша алматылық балалардың 80 пайызы, астаналық балалардың 83 пайызы осы вейпті қолданады деген ақпарат шығып жатыр. Бұл өте қауіпті үрдіс. Біз оған тоқтау салуымыз керек. Депутаттар елімізде кальянды да қолдануға тыйым салатын заң жобасын әзірлеуді ұсынып отыр. Олар денсаулық сақтау министрлігі кальянның құрамына сараптама жүргізуі керек деп санайды. Себебі, оған гашишь те, арақ та, коньяк та қосылуы әбден мүмкін. Дәулет ТҰРЛЫХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Қазір арнайы көңіл көтеретін, тамақтанатын орындарды қойып, жастар көлікке салып алып қорқорлататын жағдайға жетті. Ал кальянның құрамында не бар екені, не қосып жатқаны мүлдем белгісіз. Кальянды қоғамдық орындарда қолдануға заң жүзінде тыйым бар. Алайда бұл норма орындалмай отыр. Өйткені 3 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий болды. Тексерісті тоқтату деген заңды бұзуға болады деген сөз емес қой.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскеменде із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың мәйіті өзен жағасынан табылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
16 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?: 15 желтоқсан 2024, 17:38 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды: 15 желтоқсан 2024, 17:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылып, құтқарушыларға пәтер кілттері табысталды
Астаналық полицейлер көшеде дірілдеп, дем ала алмай жатқан ер адамды құтқарды
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды