Эпидахуал бақылауда

Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқыны Ақжайық атырабын ғана емес, алты Алашты алаңдатты. Әуелі еріген қардың қызыл суы қинаған өңірді кейін Ресейден жеткен топан су басып қалды. Әйтеуір адам шығыны жоқ. Бірақ суға ағып өлген малдың, ит-мысықтың есебі аз емес. Екі мыңнан асқан. Нақтырақ 63 жылқы, 353 ірі қара, 1770 қой арам қатты. 116 шошқа мен 119 құс қырылды. Ауру тарамас үшін олардың барлығы дер кезінде өртелді. Артынша арнайы дезинфекция жасалған. Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жіті ішек жұқпасы, мұның ішінде іш сүзегі, вирустық гепатит А, дизентерия секілді ауруларды болдырмау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізілуде. Тасқын кезінде Орал ғана емес, Ақтөбедегі мал қорымдары да су астында қалды. Өңірде апат кезінде 3 мыңнан астам мал қырылды. Оның ішінде 300 жылқы, 600-ге жуық ірі қара, 2 мың ұсақ мал, 7 түйе бар. Қазір аймақта өлекселерді жою шаралары жүзеге асып жатыр. Мамандар су тасқыны болған аудандардан судың 3 мыңға жуық сынамасын алған. Нәтижесі көрсеткендей су сапасы қалыпты жағдайда. Райхан ҚОЙШАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Белгілі сынмалар бойынша дер кезінде жуу, залалсыздандыру жүргізіліп, одан кейін алты сағаттай дезинфекция жасап болғаннан кейін зертханалық тексерістен өтті. Мамандар тасқынның беті қайтып, жер кеппейінше адам денсаулығына қауіпті жерлерді толық анықтау мүмкін емес, - дейді. Эпидахуал топырақтан сынама алғаннан кейін ғана белгілі болады. 1458 құдық, ұңғыма, орталықтандырылған су ошағы тексерілді. Су сынамалары зертханалық зерттеулерге алынып, нәтижесінде зерттелген сынамалар гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі алаңдауға негіз жоқ, - дейді. Ешқандай ауру тіркелмеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда тағы екі жайлы мектептің құрылысы аяқталды
Ұшақ апатынан зардап шеккен 9 ресейлік Мәскеуге кетті
«Миы шайқалған»: Дәрігерлер Ақтауда ұшақ апатынан аман қалған науқастардың жағдайын айтты
Қазақстанда шаштараз және сұлулық салондарының қызметтері қымбаттады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Маңғыстаулықтар зардап шеккен әзербайжандықтарды шығарып салды
Ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамның 10-ын туыстары танып, жеке басы анықталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады
Тимур Мұратов ұшақ апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы туралы айтты
Ештеңені растай да, жоққа шығара да алмаймыз - Бозымбаев ұшақ апаты туралы
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстандық спорт жұлдызы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)