Эпидахуал бақылауда

Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқыны Ақжайық атырабын ғана емес, алты Алашты алаңдатты. Әуелі еріген қардың қызыл суы қинаған өңірді кейін Ресейден жеткен топан су басып қалды. Әйтеуір адам шығыны жоқ. Бірақ суға ағып өлген малдың, ит-мысықтың есебі аз емес. Екі мыңнан асқан. Нақтырақ 63 жылқы, 353 ірі қара, 1770 қой арам қатты. 116 шошқа мен 119 құс қырылды. Ауру тарамас үшін олардың барлығы дер кезінде өртелді. Артынша арнайы дезинфекция жасалған. Нұрлыбек МҰСТАЕВ, БҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жіті ішек жұқпасы, мұның ішінде іш сүзегі, вирустық гепатит А, дизентерия секілді ауруларды болдырмау мақсатында күнделікті мониторинг жүргізілуде. Тасқын кезінде Орал ғана емес, Ақтөбедегі мал қорымдары да су астында қалды. Өңірде апат кезінде 3 мыңнан астам мал қырылды. Оның ішінде 300 жылқы, 600-ге жуық ірі қара, 2 мың ұсақ мал, 7 түйе бар. Қазір аймақта өлекселерді жою шаралары жүзеге асып жатыр. Мамандар су тасқыны болған аудандардан судың 3 мыңға жуық сынамасын алған. Нәтижесі көрсеткендей су сапасы қалыпты жағдайда. Райхан ҚОЙШАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Белгілі сынмалар бойынша дер кезінде жуу, залалсыздандыру жүргізіліп, одан кейін алты сағаттай дезинфекция жасап болғаннан кейін зертханалық тексерістен өтті. Мамандар тасқынның беті қайтып, жер кеппейінше адам денсаулығына қауіпті жерлерді толық анықтау мүмкін емес, - дейді. Эпидахуал топырақтан сынама алғаннан кейін ғана белгілі болады. 1458 құдық, ұңғыма, орталықтандырылған су ошағы тексерілді. Су сынамалары зертханалық зерттеулерге алынып, нәтижесінде зерттелген сынамалар гигиеналық талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі алаңдауға негіз жоқ, - дейді. Ешқандай ауру тіркелмеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Үлкен қызының денсаулығы жоқ". Айнұр Тұрсынбаева екі қызы бар жалғыз басты анаға баспана сыйлады
Ғылым мен педагогті қолдау – бәсекеге қабілетті мемлекет құру негізі
Атыраудағы Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден 9 сантиметрге асты
“Басыңды жарып өлтіремін”: Алматыда оқыс оқиға орын алды
"Ажырасқан жігітке тұрмысқа шықпаймын". Балжан Бидаш отау құрар алдында неге назар аудару керегін айтты
"Әкеммен дұрыс сөйлесе алмайтынмын". Танымал блогер 7 айлық кезінде ата-әжесінің қолына өткенін айтты
Елордада тағы бір көше уақытша жабылады
"Бізден "кешірім" видеосын сұрады". Мирас Жүгінісов пен Мархаба Сәбидің арасында қандай кикілжің бар?
12 млн теңге жымқырған: ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын есепшісі сотталды
Елордада тағы бір көше жөндеу жүруіне байланысты уақытша жабылады
Криштиану Роналду әлемдегі ең қымбат спортшы атанды
"Күйеуімнің ағасы ішкі істер бөлімінің бастығы". 12 жыл бойы жолдасынан зорлық көріп келе жатқан әйел көмек сұрайды
Кірпіні доп қылып ойнаған: ақтөбелік жігіттер қылмыстық жауапқа тартылады
"Тоқалыңызға шамадан сатып алыңыз". Алматылық сауда ойын-сауық орталығының басы жарнама үшін дауға қалды
«Ауырып, жаман болып қалдым»: Ерке Есмахан денсаулығы сыр бергенін айтты
Үсік, жаңбыр, найзағай: Қазгидромет 17 мамырға ауа райы болжамын жариялады
"Үлкен қызының денсаулығы жоқ". Айнұр Тұрсынбаева екі қызы бар жалғыз басты анаға баспана сыйлады
Ғылым мен педагогті қолдау – бәсекеге қабілетті мемлекет құру негізі
Найзағай, үсік, жаңбыр: 17 мамырға арналған ауа райы болжамы
"Айтбектің кінәсі". Дамир Ішмаметов Салтанат Нүкенованың өліміне ағасын кінәлайтындарға жауап берді
Индорхоккейден ел құрамасы Азия кубогының күміс жүлдегері атанды
Жезқазғанда полиция көлігінде ер адам қайтыс болды
Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
"Енді ісім сендермен болсын". Ырысбала Икрамбайдың ұлы балабақшадан шошынып қалған