eQurylys: Енді үй құрылысы онлайн бақыланады

Енді әрбір салынып жатқан үйдің құрылыс барысы онлайн бақыланады. Оны кез-келген адам көре алады. Сондай-ақ, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға ұлғаймақ. Бұл тұрғын үйлердің сапасын арттырады дейді мамандар. Пайдалануға берілгеніне бір жылдан енді асқан «Кернай» тұрғын үй кешенінің сапасы сын көтермейді. Тұрғындар тарапынан шағым көп. Олар келісім шартта көрсетілген көп дүние жалған болып шықты, дейді. Райхан САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізде шумоизоляция дұрыс емес. Вентиляция жоқ. Парковка договорда бар, бірақ парковка жоқ. Договор бойынша бар, бірақ астының бәрі базар болып жатыр. НАТАЛЬЯ ТЕРЕШЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Паркингтің орны базар болды. Соның кесірінен үйімізді жәндіктер, тышқандар басып кетті. Лифт 1 күн жұмыс істесе, 5 күн істен шығады. Үйдің құрылысы сапасыз жүргізілген. Қабырғадан барлығы естіледі. Елімізде осындай сапасыз көпқабатты тұрғын үйлер көп екені жасырын емес. Осы мәселені болдырмас үшін енді үй құрылыстарын арнайы ақпараттық жүйе арқылы бақылап отыруға мүмкіндік берілді. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруда Құрылыс кодексінің жобасы және оған ілеспе заң жобасы әзірленді. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңдерін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттардың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға ұлғайту қарастырылған. Құрылыс бұған дейін де бақыланатын. Бірақ, тұрғындардың, яғни, кез-келген адамның оны назарда ұстауына мүмкіндіктің берілуі-жақсы жаңалық. Еркебұлан ЖАРКЕНОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ "ҚҰРЫЛЫС" КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТI: Өкінішке орай ол есептерді тек қана әкімшіліктегі құрылыс бақылау бөлімшелері көре алады. Халық көре алмайды. Сондықтан халық егер көре алатындай болса, құрылыс алаңында видеокамералар орнатылса, қалай болып жатқанын халық көре алса, онлайн режимде керемет болатын еді негізі. Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады. Ілеспе заң жобасы 4 кодекске, қолданыстағы 13 заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесіне Ұлытау облысында мектептер салынады
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Қоспаевқа қатысы бар “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған