39 жастағы Дмитрий қайтыс болғаны туралы хабарлама Мәскеу полициясына екі күн бұрын түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнына барғанда, зорлық белгілері жоқ мәйітті тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Baza-ға сілтеме жасап.Марқұмның анасы жедел қызметкерлерге Дмитрий қайтыс болғанға дейін 15 энергетикалық сусын ішкенін айтқан. Осыдан кейін ер адамның қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған.Ресейліктің өлімінің нақты себептері сараптамадан кейін белгілі болады.