Ағасы мен әпкесі бір-бірін 27 жылдан кейін тапты. 20 ақпанда олар көп уақыттан бері алғаш рет телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.Lada.kz сайтының хабарлауынша, астрахандық Анатолий Самохвалов бір ай бұрын еріктілерден ағасы Геннадийді табуға көмек сұраған. Ер адамның айтуынша, оның отбасы, атап айтқанда әпкесі, ағасы және әкесі мен шешесі Астраханнан Ақтауға (ол кезде бұрынғы Шевченко) көшіп келген. Содан бері олармен байланысы үзілген. Бір ай бойы интернет арқылы іздеп, таратылған көптеген хабарламадан кейін еріктілер оның әпкесі Любовь Шевченконы (Самохвалова) таба алды. Әпкесінің айтуынша, оның екінші ағасы мен ата-анасы қайтыс болған.