Пхукетте көптен бері тұрып келе жатқан шетелдік турист ара шаққаннан кейін қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kzТаиландтың курортты қаласының Раваи ауданындағы үйге келіп жеткен жедел жәрдем 68 жастағы Ұлыбритания азаматын ес-түссіз күйде тапқан. Жақын маңдағы ауруханаға жеткенше оның жүрегі мен өкпесіне реанимация жасалды. Алайда бұл көмектеспеді, ауруханаға жеткенде дәрігерлер ер адамның көз жұмғанын айтты. Ер адамның әйелі оның өліміне себеп ара болғанын мәлімдеген.Ер адам мотоциклмен үйіне келе жатқанда оны ара шағып алған екен. Ол үйге келісімен аллергияға қарсы дәрі қабылдаған. Содан кейін есінен айрылып құлаған.Сонымен қоса, әйелдің сөзінше, ер адамның ара сияқты жәндіктерге аллергиясы болған. Дегенмен, өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.