Ер адам "Қара халық" деген сөзі үшін 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Insider сайтына сілтеме жасап.Башқұртстанның Баймақ қаласында жаппай наразылық болып жатыр. Олар белсенді Файыл Алсыновтың сотталып кетуіне наразы. Ер адам "Қара халық" деген сөзі үшін экстремизм ісі бойынша сотталған. Сот отырысы өткен ғимарат алдына 10 мыңға жуық адам жиналған. Арнайы жасақ наразылық танытқан тарапты күшпен қуып, жас ағызатын газ да шашқан. Олардың арасында жараланғандар да бар.