Ер адам қомақты қаржы салынған диванын қателесіп қайырымдылық дүкеніне беріп жіберген

Аустралиядағы Квинсленд штатының тұрғыны қомақты қаржы жасырылған диванды қайырымдылық дүкеніне беріп жіберген. Ақшасынан айырылғанын ол бірнеше аптадан соң біліпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.2023 жылдың басында ер адам кішірек үйге көшкендіктен сұр-қоңыр түсті диванын қайырымдылық дүкеніне берген. Ол үйінде бес секциялы диванның тек екеуін қалдырыпты.Дивандағы жастыққа ақша жасырғаны тек бірнеше апта өткен соң есіне түскен. Ол 30 мың аустралиялық долларды үйінде қалдырған секциялардың бірінде деп ойлаған. Алайда қателесіп, дүкенге дәл ақша салынған секцияны беріпті. Бірден дүкенмен хабарласқанда оған диванды бергеннен кейін бірнеше күннен соң алып кеткенін айтыпты. Сатып алушы жиһазды өзі жеткізгендіктен, мекенжайы да сақталмаған. "Ең өкініштісі, ақшаны өзім бердім. Қандай ақымақтық жасағаныма сене алмаймын", – деп жазды ол. Ақшаны қайтара алмайтынын біле тұра ол әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Әрі қаржыны мұқтаж адам алды деп үміттенеді. "Көмекке мұқтаж адамдар өте көп. Бәлкім, бұл ақша біреудің өмірін өзгерткен шығар", деп қосты ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Цифрландыру жұмысы: Түркістан облысында білім мекемелері қалай дамып жатыр?: 13 желтоқсан 2024, 12:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Бірнеше пәтер, қымбат көліктер: Перизат Қайраттың қымбат әшекейлері тәркіленді (ВИДЕО)
Негізгі құрамда алаңға шыққан Зайнутдинов ерекше көзге түсті (ВИДЕО)
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау