Ақтөбе қаласында ер адам әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылғаны үшін мемлекеттен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Диапазон" порталына сілтеме жасап. Ер адам жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан рөлге отырған. Оны полицейлер жолда тоқтатқан.Сот материалына сәйкес, көлік жүргізуші алкоголь ішкен-ішпегенін анықтайтын тексерістен өтуден бас тартқан. Содан полицейлер билік өкілінің талабын орындамағаны үшін тағы әкімшілік хаттама рәсімдеген. Ер адам 25 тәулікке қамалған. Көлік жүргізуші 9 күн бойы қамауда отырған. Осы уақыттың ішінде кінәлі емес екенін дәлелдеп шықты. Ер адам сот үкіміне наразылық білдіріп, сот алқасының алдында негізсіз жауапқа тартылғанын дәлелдеді. Ұсталған көлік жүргізушіден дәлсол уақытта кіші дәрет шықпаған. Сол үшін ер адам тексерістен басқа жолмен өтуді сұраған. Бірақ талап орындалмаған. "Ол медициналық тексерістен өтуден бас тартпаған. Демек құқық бұзушылық болмады. Осыған байланысты сот істі тоқтатты ", - дейді сот мамандары. Ер адам 9 күн бойы қамауда негізсіз отырғаны үшін мемлекеттің үстінен шағым түсірді. Сот арызды қанағаттандырды.