Өзбекстанның Қашқадария облысында жағаұстатарлық жайт болды. Ер адам қызға бокал лақтырып жіберген. Куәгерлердің сөзінше, ер адам мұндай қадамға қыз таныспай қойғандықтан барған, - деп хабарлайды Massaget.kz. Оқиға Шахрисабз қаласындағы "Караван" кафесінде боғлан. Оқиға видеоға түсіп қалған. Қыздар тамақтанып отырған кезде ер адам олармен таныспақ болып қасына отырған. Артынша ер адам қыздардың танысқысы келмейтін байқағаннан кейін орнынан тұрып кеткен. Бір сәтте тамақтанып отырған қызға ер адам бокал лақтырып, ол қыздың басына тиеді. Видеода маңдайы қансырап кеткен қыздан бөлек қасында отырған құрбысы да зардап шеккенін көруге болады. Басылым мәліметінше, екеуі ауруханаға жеткізілген. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің сөзінше, ер адамға қатысты Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 277-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Енді ер адам 300 немесе 360 сағатқа міндетті қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін немесе 1 не 3 жылға бас бостандығынан шектелуі мүмкін немесе 3 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.