Қырғызстанның Шу облысында ер адам туысының басын балғамен ұрып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz. Оқиға облыстың Мәскеу ауданында 25 қазанда болған. С.А есімді ер адам әпкесінің күйеуімен сөзге келіспей, басын балғамен ұрып жіберген. Қылмыс әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. С.А ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Тергеу жүріп жатыр.