Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ооған адам өлтірді деген айып тағылды. «17 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйітін табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.