Қазақ қыздары спортта да биік белестерді бағындыра алады. Тіпті, Олимпиада чемпиондары, жүлдегерлері бар. Зіл темірді қиналмай көтеріп, жүгіруден алдына жан салмай, жұдырықтарының да жуан екенін сан мәрте дәлелдеді. Бірақ күші көп болғанымен жүрегі нәзік. Спортшы арулармен тілшіміз тілдесті.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Қазақтың батыл қыздары бүгінде спорттың әртүрінде керемет жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырып жүр. Бүгін біз самбо күресінің хас шебері, әлем кубогінің чемпоны Аққалмен жаттығып көреміз. Аққал бізге бір-екі әдіс-тәсіл көрсетсең? Аққал Өтебек кәсіби спортшылардың отбасында дүниеге келді. Күреске деген қызығушылық 5 жасынан пайда болған. Ер мінезді болып өскендіктен, ауылда балалармен бірге үйірмелерге барып бастадым, ол кезде қыздар көбіне қатыспайтын дейді спортшы ару. Аққал Қазақстанда самбо және дзюдо күресінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының, Әлем кубогінің алтын жүлдегері. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Аққал ӨТЕБЕК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Біздің қазақтың қыздар батыр ғой негізінде. Қандай жарыс болса да бағындыра алады. Күш жағынан да, намыс жағынан да тырысады. Бірақ қыз балаға алып кету қиын болғанымен кейіннен енді алып кетіп жатса ол мықты белестерді бағындырады деп ойлаймын. Қазірде халықаралық спорт шебері жас буынға бапкер болып, болашақ спорт жұлдыздарын жаттықтырып жүр. Аққал ӨТЕБЕК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Әрине бапкердің жұмысы оңай емес, споршы болғаннан қарағанда. Спортшы болғанда жауапкершілік өзіңе ғана аласың, тек жалғыз өзіңе, ал бапкер болған кезде сен әр балаға, әр қызға жауап бересің. Бапкер де боласың балаға, ата-ана да боласың, дәрігер де, қорғаушысы да, қолдаушысы да өзің болағандықтан әрине бапкердің жұмысы қиын. Інжу СЕРІК, СПОРТШЫ: Маған самбо қатты ұнайды ол жерде қызық жарыстарға барасың. Аққал апай өте мейірімді, бізге көмектеседі, үйретеді, жарыстарға алып барады. Мен болашақта жарыстарға қатысып, халықаралық жарыстарға барғым келеді. Ақкал арудан тәлім алған бұрымдылар ел намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап, көк туымызды желбірете берсін.