Ералы Тоғжанов кітап жазып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» халықаралық форумында айтты.«Қазір коронавирус пандемиясына байланысты үлкен кітап жобасы әзірленіп жатыр. Сол кездегі мемлекеттік Үкіметтің жанынан құрылған (коронавирусқа қарсы) ведомствоаралық комиссиясының басшысы Ералы Тоғжанов бастауымен кітап (COVID-19 туралы) әзірленіп жатыр. Ол кітаптың да тұсаукесері болады. Кітапта (коронавирус пандемиясы кезінде) елімізде істелген жұмыстар баяндалады», - деді министр. Қазір Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымында қызмет атқарады.