Ералы Тоғжанов Мәртөк ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен танысты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мәртөк ауданына жұмыс сапары барысында су тасқынына қарсы қабылданған іс-шаралармен танысты. Өңір басшысы көктемде су басуы мүмкін учаскелерді аралап көрді.Аудан аумағында су тасқыны қаупі бар төрт елдімекен бар – олар Мәртөк, Қазан, Сарыжар және Саржансай ауылдары. Көктемгі су тасқыны кезінде күтпеген жайттардың алдын алу мақсатында аталған учаскелерде Казанка-1 бөгетіне күрделі жөндеу, Қазан ауылындағы өткелді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қазан-2 бөгетін күрделі жөндеу бойынша жоба әзірленіп, су деңгейін реттеуші құрылым салынады. Өйткені, қазіргі таңда су деңгейін реттеу автоматтандырылмаған. Мәртөк және Сарыжар ауылдарында арқалықтарды кеңейту және тазарту, еріген қар суларының тасуын болдырмау үшін дуал салу бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Сарыжар ауылының шетінде қосымша ашық үлгідегі су ағызу кәрізі жасалды. Барлық елдімекендерде қар шығару жұмыстары белсенді жүріп жатыр, су өткізетін шлюз, арқалықтар тазартылады, бөгеттердегі су мен өзендердің деңгейін бақылау үшін гидробекеттер орнатылады. Облыс әкімі уәкілетті органдарға, аудан басшылығына су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысын тұрақты қатаң бақылауда ұстауды, елдімекендердің аумақтарын су басуға жол бермеу мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды