Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.Ердоған миллиардерді Tesla электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды. Сондай-ақ Түркия президенті елдің ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мәселесіне тоқталып өтті. Бұған қоса Ердоған Маскты қыркүйек айының соңында Измирде өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.