Бүгін, 3 маусымда Анкарадағы түрік парламентінің ғимаратында Түркия президенті болып қайта сайланған Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсімі өтуде."Анадолу" агенттігінің жазуынша, түрік президентін ұлықтау рәсіміне 78 ел өкілдері қатысуда. Оның 20-сы мемлекет және үкімет басшылары. Құрметті қонақтардың арасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.Басылымның жазуынша, ұлықтау рәсімі кезінде Түркия парламентінің уақытша өкілі Девлет Бахчели Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жеткенін растайтын құжатты тапсырған. Осыдан кейін Ердоған Түркия халқына ант берген. Сондай-ақ басылым ұлықтау рәсімінен кейін Ердоған Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесіне гүл шоғын қояды.Осыдан кейін салтанатты шара президент кешенінде жалғасады. Ол жерде Ердоған құтықттауларды қабылдайды.Бұдан соң түрік көшбасшысы аса құрметті қонақтардың құрметіне дастархан жайылған Чанкая резиденциясына барады. Басылым салтанатты іс-шараның соңы брифингпен аяқталатынын атап өтті. Жиында Ердоған үкіметтің жаңа құрамын жариялайды деп күтілуде.