Тау басына шығып ауызашар жасаған блогерлердің видеосы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Видео 640 мыңнан аса қаралым жинаған. "1900 метр биіктіктегі ауызашар", - делінген жазбада.Кадрлардан TikTok әлеуметтік желісі арқылы танымал Нұртөре Әбдіхалық пен Биболаттың "Жапон жолы" атауымен танымал тауға шыққаны көрінеді.Желі қолданушылары ерекше көрініске жағымды пікірлер жазған."Ерінбей шығыпсыңдар, жарайсыңдар", "Күшті", "Қандай керемет", - дейді олар.Сондай-ақ, жігіттер тамақ дайындау барысында қасық пен шанышқы, сұйық май ұмытып кеткендерін біледі."Жаңа май мен қасық, шанышқы жоқ деген видеоны көріп едім, астына барып алып келдіңдер ме, не істедіңдер?" - деп әзілдеген Желі қолданушыларының бірі.