Ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берген

Кентау қаласындағы "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше балаға мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек берілген. Тексеру жүргізген прокурорлар бірқатар кемшілікті анықтады. Бұл- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған еліміздегі жалғыз мекеме. Прокурорлар оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін, сондай-ақ, мұнда санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағанын әшкереледі. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығына белгілі болғанына қарамастан тиісті шаралар қабылданбаған көрінеді. Болат ЖҰМАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, студенттерге мемлекеттік қызметті тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды. Сондай-ақ, медициналық қарсы көрсетілімдері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдаған фактілер орын алды. Тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтарды жою және балалардың құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы бес прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және құзыретті органдарға енгізілді. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Алматы маңында жер сілкінді
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты