"Ерекше күтімді қажет ететін балаларымыз өздеріне ұнайтын орталықта тәрбиеленгенін қалаймыз", - ата-ана

"Баламыз қараусыз қалуы мүмкін". Ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары осылай дейді. Себебі, балдырғандарға әлеуметтік қызмет көрсететін орталық биыл жабылып қалған. Оған қаржыландырудың тоқтауы әсер еткен. 4 ай пилоттық режимде жұмыс істеген мекемеде 30-ға жуық бала тәрбиеленді. Енді ол балақайлардың жайы не болмақ? Толығырақ Сүндет Оралбек айтады. Альфия Айтқожинаның 4 жасар ұлы ерекше күтімді қажет ететін балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін орталыққа барғанына 2 айдан асқан. Осы уақыт аралығында тәрбиешілерге де, балаларға да бауыр басып үлгеріпті. Бұған дейін осындай мекеменің талайының табалдырығын тоздырған. Көбі балаға қолайсыз болған көрінеді. Енді үйреністік пе дегенде орталықтың жабылып қалғанына ренжиді. Альфия АЙТҚОЖИНА, АТА-АНА: Бізге бұл орталық пилоттық режимде жұмыс істейтін орталық екенін айтпауында. Түсінесіз бе? Өзім баламды осында орналастыру үшін 1 ай құжат жинадым. Ұлымның орталыққа барып жүргеніне де көп болмады. Тек жабылар алдында ғана пилоттық жоба екенін ескертті. Бірақ ол кезде барлығы кеш еді. Біз орталық әрмен қарай жұмысын жалғастыруын талап етеміз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін орталық былтыр қыркүйекте ашылған. Онда 30 шақты бала тәрбиеленеді. Ата-аналар бұл мекемеге барғалы бүлдіршіндердің денсаулығында оң өзгерістер байқалғанын айтады. Оларға массаж бен жүзу сеанстары, музыкалық терапия, логопед пен психологтың көмегі, бейімделген дене шынықтыру сабақтары өтеді. Тіпті таңертең алып кетіп, кеше жеткізу қызметі де бар. "Сыйымдылығы шағын үйде балаларға барлық жағдай жасалған. Бастысы қажетті көмектің барлығы қарастырылған",- дейді ата-аналар. Жансая ШӘУДІРОВА, АТА-АНА: Орталықтың ерекшелігі бала саны аздығында. Сол үшін қызығып келдік. Астана бойынша басқа орталықтар көп. Бірақ, оларда 100-200 баладан. Бала аз жерде нәтижеде жақсы. Балаға көп көңіл бөлінеді. Жауаптылар орталықтың пилоттық режимде жұмыс істеп жатқанын басшылыққа да, ата-аналарға да ескерттік дейді. Бірақ тұтынушылар тарапынан арыз-шағым көп түскендіктен мекеме наурыз айында қайта жұмысын жалғастыратын болды. Ал оған дейін балалар қараусыз қалмайды. Илья СКУБ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазір балаларды басқа орталықтарға ауыстыру үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар қосалқы мердігер секілді жұмыс істейді. Дәл сол ғимаратта, сол тәрбиелеушілер қызмет ететін болады. Ал қаржы сол қосалқы мердігерге төленеді. Көктемге дейін осылай болады. Қаржыландыру жасалған соң мекеме өз жұмысын жалғастыра алады. Осылай жасағанымыз барлығы үшін тиімді. Ата-аналар берілген уәде құмға сіңген судай болмай ма деп алаңдайды. Бастысы, тағдырдың тауқыметін татып жатқан балалардың өздеріне ұнайтын орталықта тәрбиеленгенін қалайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Құтқарушылар ММА бойынша әлем чемпионы атанды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады