Алғыс айту күніне орай астаналық блогер Ғани Әжікенов қала тұрғындары арасында ерекше сауалнама жүргізді.Ол қала тұрғындары мен қонақтардан жақындарына соңғы рет қашан алғыс айтқанын сұрады. Сол мезетте олардың телефон нөмірлерін теріп, алғыс айтқызды. Бейнежазбадан адамдардың шынайы эмоцияларын көре аласыз. Расында, күніне қырық көрсек те, маңайымыздағылар мен өмірімізде өзгеше орны бар жандарға алғыс айтуды ұмытып кетіп жатамыз. Блогер мерекенің мазмұнын түсіндіріп, жақындарымызға күнделікті ризашылық білдіруге шақырды. Сауалнама қатысушылар ата-аналарына, туған-туыстарына, бауырларына, достары мен әріптестеріне алғыстарын қарша боратты.