Армения астанасы Ереванда мыңдаған адам митингке шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Yerevan.today агенттігінің мәліметінше, қатысушылар премьер-министрдің кандидатына протесттің көшбасшысы, Тавуш епархиясының басшысы, армяндық апостолдық шіркеудің архиепископы Баграт Галстанянның кандидатурасын ұсынуды талап еткен.Митингте Ереван мемлекеттік университетінің профессоры Гурген Меликян премьер-министр лауазымына кандидатура саяси партиялар, мемлекеттік құрылым, ғылыми және мәдени шеңбер өкілдерімен, сондай-ақ бизнесмендер және заңгерлермен консультациядан соң бекітілгенін мәлімдеді.Қолданыстағы заңға сәйкес, премьер-министрдің кандидатурасын парламенттік фракциялар ұсынып, одан соң депутаттар дауыс береді. Басым дауысқа ие болған кандидат жеңіске жетеді.