Биыл тұрмысқа шыққан Ерке Есмахан енесімен қандай қатынаста екенін айтты. Бұл жайлы өнер иесі Instagram парақшасында баяндады.Желі қолданушысының бірі әншіден енесімен қандай қарым-қатынаста екенін сұраған. Ал әнші енесіне еркелейтінін атап өтті. "Еркелеймін, еркелетемін. Анамнан үйренерім көп, алтын адам. Аллаға шүкір, текті жерге келін болып түстім", - деді Ерке Есмахан. Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан өзін "кемпір" деп атайтын хейтерлеріне жауап қайтарған болатын.