Ерке мен Райм Instagram желісінде өз парақшаларынан бір-бірін өшіріп тастаған.Әлеуметтік желіде әнші Ерке Есмахан мен Раймның екі жаққа кеткендігі туралы мәлімет тарауда, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бірнеше ай бұрын елді шулатқан Ерке мен Раймға не болды?! Tiktok желісінде екі жұлдыздың айырылысып кеткені жөнінде хабар тарауда.Сонымен қатар оқырмандарының айтуынша, Ерке мен Райм Instagram желісінде бір-бірінің жазылымынан бас тартқан (отписка). Жақын арада қосылған бұл жұптың қатынасына халық алаңдаулы. Жұлдыздар бұл хабарды әлі растамады. Желі оқырмандары болса: "Ақымақ емес шығар Ерке бүгін тиіп ертең ажыраса салатын","Бұлар да адам ғой, ұрысқан шығар, кез-келген отбасында болады ғой","Енді Райм өз қызына қосыла ма?",- деп ойларын ортаға салуда.