"Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз": Дариға Бадықова күйеуін жұмсайтын әйелдерді сынады

Танымал актриса, отандық киноларда басты рөлді сомдап жүрген Дариға Бадықова күйеулерін жұмсайтын әйелдерді сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динамен дұрыс” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.Әншінің айтуынша, еркектердің үйдің тірлігіне араласуы дұрыс емес. Отбасында “Еркек – түздің адамы” деген қағидамен өскен әнші жолдасын да жұмсамайтын көрінеді. “Еркекті қатынға айналдыратын – өзіміз. Масқара енді қыз баланы жуындыру, дәретке отырғызу, жаялығын алмастыру деген сияқты жұмысты қалай ер адамға табыстауға болады?!. Ұят дегенді білу керек”, – дейді актриса. Журналист Дина Төлепберген осы жазбасын толықтырып кетуін өтініп, әңгімеге тартты. “Сіз менің не айтқым келіп отырғанын жақсы түсініп отырсыз. Еркек жаялық алмастырғаннан әйелге айналып кетпейді, бірақ ұят дегенді ұмытпауымыз керек. Отбасылық мысалдың бәрін ата-анамнан аламын. Әкем немерелерінің жалаңаш жүргенін көргенде ұрысатын. Мен сол тәрбиені көріп өстім. Әкесін “қызыңның іш киімін ауыстыра салшы” деп жұмсайтын әйелдер бар. Бұл жерде қауіп жоқ, сәби болса да қызының әурет жерін көретін әке ұялуы керек. Мен де қыз тәрбиелеп отырмын. Жолдасым ешқашан қызымның жаялығын алмастырып, іш киімін кигізген емес. Дәретке де отырғызбаған”, – деді өнер иесі. Бағдарлама көріп отырған көрерменнің пікірі екіге жарылды. Продюсер Гүлзира Айдарбекова актрисаның сөзін қолдап, келісетінін жазды. “Дариға өте дұрыс айтады. Үйде өңшең ер-азаматтар болғасын, қарауға да ұялады. “Іш киімсіз жүргізбеңдерші” деп атасынан бастап ескертіп отырады. Қанша жерден нәресте болса да, ер баланы да, қыз баланы да жалаңбұт жүргізбеген дұрыс. Ер-азаматтың жөргек алмастырғанына қарап қалған ештеңе жоқ. Әйелі күйеуін жұмсағысы кеп бара жатса басқа да тірлік көп. Баланың жаялығын алмастыру – анасының міндеті,”– деп актрисаның сөзін қолдады. Танымал продюсердің сөзімен келіспей, “Жаялық алмастырғаннан ешқандай ұят көріп тұрған жоқпыз. Әйеліне көмектескеннен еркектің беделі түсіп қалмайды”, – жазып жатқандар да бар. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Суармалы суға төленетін субсидия 85%-ға дейін артты
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Қоспаев ісі. "Никольский" базарын шетелдіктерге сатып жібермек болған
Басым салалардағы жобалар: 25 мың жұмыс орны құрылады
8 жасар қазақ баласы шахматтан Азия чемпионы атанды
Тоқаев Жапониядағы елшіні ауыстырды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі тағайындалды
"Дарын" сыйлығының иегерлері анықталды
Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Қоспаев ісі: тәркіленген мүлік шетелдіктерге сатылмақ болған
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Қазақстанның Жапониядағы елшісі қызметінен босатылды
Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесіне Ұлытау облысында мектептер салынады
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Қоспаевқа қатысы бар “Никольский“ базары шетелдіктерге сатылмақ болған
Қоспаевқа қатысы бар “Никольский“ базар шетелдіктерге сатылмақ болған
Көтерілісшілер Башар Асадтың әкесінің кесенесін өртеп жіберді
Астанада жеңіл көлік өртенді