Еріктілерге көпбалалы аналар да көмектесіп жатыр

Су тасқынына байланысты эвакуацияланған Атырау тұрғындарына қолдау көрсетіп, қолғабыс жасау мақсатында қаламыздың көпбалалы аналары да «Біз адамдармыз - біз біргеміз» қоғамдық қорымен бірге өз көмектерін көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz. «Біз адамдармыз - біз біргеміз» қоғамдық қорының еріктілері игі істер жасап, халықпен бірге қайырымдылық шараларының басы қасында жүр. Еріктілер орталықта кезекшілік ұйымдастырып, заттарды қабылдап, сұрыптау жасап, мұқтаж адамдардың қажеттілігіне қарай тарату жұмыстарын атқарып жатыр. - Қорда қазіргі уақытта 60 ерікті мен көпбалалы аналар қызмет жасап жатыр. 4 газельмен Орал, Ақтөбе қалаларына киім - кешек, тамақ, балалар жөргектері мен ойыншықтар жібердік. Осы аптаның Жұмасында 200 адамға ас бермек ниеттеміз. Бізге көпбалалы аналарымыз көмектесіп, тағамдардың дайындалуына ат салысады. Болатын садақамызға көмек көрсетем дейтін жандар болса, олармен байланысып, хабарласатын боламыз, - деді қор жетекшісі Иманғазы Досмұхамбетов. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп су тас­қынынан зардап шеккен тұр­ғын­дарға қолдан келгенше қол ұшын созуға тырысып жүрген еріктілер мен көпбалалы аналардың еңбегі ерен. Аналардың қатарында үздіксіз қызмет атқарып жүрген Гульмира Истлеуова да бар. - Менің 8 балам бар. Менің жанымда меннен бөлек басқа да көпбалалы аналар көп. Біз келіп жатқан заттарды іріктейміз, жақсыларын алып, жинаймыз. Сонымен қатар, бізге халық та азық - түлік әкеліп беруде. Біз соларды коробкаларға салып, жинап, кеше «Жастар орталығына» апарып тапсырдық. Алдында 2 газель Ақтөбеге тамақ, киім - кешек, керек заттарды жібердік. Алдағы уақытта 200 адамға ас беру мақсатында жиын ұйымдастырып жатырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Фантазиясы зың екен»: Шрек пен Фионаны сомдағандар жұртты күлдірді (ВИДЕО)
4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Теннистен Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жеңіліс тапты
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Елордада автокөлік ұрлаған адам ұсталды
Қазақстанда алдағы үш күнде қар жауып, күн суытады
2025 жылдың бірінші күні елімізде 9 егіз дүниеге келді
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді