Жастар саясатына арналған баспасөз мәслихатында ерлі-зайыптылар бүйрегін қалай сатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kzЗаңгер Олжас Әбілқайыр жастар арасында өз мүшелерін сату жиілеп кеткеніне назар аударды. «Қазір жас жігіттер ақша табу үшін ағзаларын сатып жатыр. Бұл туралы өткен жылдың желтоқсан айында білдік. Бүгінде темір тордың ар жағында отырғандардың 40-қа жуығы бір айда осындай іспен айналысқанын айтты», – дейді заңгер. Оның айтуынша, бір ерлі-зайыптылар бүйрегін сатқан, бірақ оларға ақша толық төленбеген. «Жас ерлі-зайыптыларға келісілген сома төленбеді, оларға ақшаның жартысын ғана берді», - деп хабарлайды ол. Олжас басты мәселе бұл істің заңсыз деп саналмауында екенін айтады. «Мен денсаулық сақтау министрлігіне азаматтардың неліктен ағзаларын сатуға баратынын айттым. Олар бүйрек сатуға мүмкіндік жоқ деп жауап берді. Реципиент пен донор арасында келісім болған жағдайда ғана олар бере алады. Яғни, қаныңыз сәйкес келсе, донор бола аласыз. Бұл заңсыз деп саналмайды екен» , - деді заңгер.