Жылжымайтын мүлікті немесе кез келген басқа мүлікті қайта рәсімдеу үшін ерлі-зайыпты нотариаттық келісім рәсімдеу қажет. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тағы парақшасында жазды.Ерлі-зайыптылар келісімді eGov mobile арқылы рәсімдей алады Министрдің айтуынша, 2022 жылы ерлі-зайыптылар 800 мың келісім берген. Бұл олардың кем дегенде бір сағат уақытын алады. Бірі жұмыста немесе біреуі басқа қалада болатынын ескерсек, жағдай қиындай түседі.Енді ерлі-зайыптылардың нотариалдық келісімін eGov mobile қосымшасында онлайн рәсімдеуге болады. Бұл функцияға Әділет министрлігімен және республикалық нотариаттық палатамен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қол жеткізді. Бұл функция біздің азаматтарға нотариусқа бармай-ақ, қағазбастылықтан арыла отырып, уақытты үнемдеп, бірнеше минут ішінде нотариаттық құжаттарды куәландыруға мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылардың келісімі талап етілетін құжаттарды рәсімдеуге арналған қосымша опция eGov mobile мобильді қосымшасының «eNotary» сервисінде пайда болды. Келісім биометриялық тексеруден өту арқылы онлайн жүргізіледі. Осыдан кейін нотариус клиенттің деректерін тексереді. Бұдан соң келісім расталғаннан кейін нотариалды куәландырылған құжат рәсімделеді. Ерлі-зайыптылардың келісімін алу үшін: – eGov Mobile қосымшасына кіру; – басты бетте «eNotary» сервисін ашу; – тізімнен «келісім» деп аталатын әрекет түрін таңдау; – өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту; – бейнеқоңырау арқылы жұбайының/ зайыбының келісімін рәсімдеу; – нотариустың қызметіне ақы төлеу. Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушының «Нотариаттық әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көруге мүмкіндігі бар. eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі QR кодын сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын тексеруге болады. Бұл сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсына алады.