Ерлан Карин президент берген сұхбаттың негізгі идеясын атады

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбаты әңгіме жанрында жарияланғанымен, көлемі мен мазмұны жағынан саяси мақала ретінде қабылданады деді. Ол өзінің Telegram-арнасында сұхбаттың қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұрғанын атап өтті.«Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатының форматы әңгімелесу сипатында болғанымен, көлемі мен мазмұны тұрғысынан алғанда бағдарламалық мақала деуге әбден болады. Өйткені сұхбат қойылған сұрақ пен берілген жауаптың көптігімен ғана емес, қоғамда қызу талқыланып жатқан көкейтесті мәселелерді тұтастай қамтығанымен ерекшеленіп тұр. Солайша, Президент мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша күн тәртібін айқындап, бағдарын нақтылап берді. Біз үшін Президенттің ішкі саясат және идеология саласына қатысты айтқан ой-пікірі мен белгілеген басымдықтары аса маңызды. Мемлекет басшысы бірқатар бастама мен жобаның жай-жапсарын жеткізіп, аңдатпа жасады. - Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтеді; -Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату қолға алынады; - 2024 жылы өтетін айтулы іс-шаралар мен басқа да атаулы күндердің бет-бейнесін белгіледі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тақырыпқа шығарылған «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» деген сөзі барлық идеяның өзегі. Жалпы алғанда, бұл сөз Президент жүргізіп отырған идеологиялық бағыттың шағын формуласы. Бұл сөз қоғамды жасампаздыққа жетелейді: өткен күнмен өмір сүрмей, болашаққа нық қадам басуға үндеп, халықты бөлетін емес, біріктіретін жалпыұлттық құндылықтарды басшылыққа алуға шақырады», - деп жазды Ерлан Қарин. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады