Ерлан Қарин Республика күні неліктен басты ұлттық мерекеміз екенін айтты

25 қазан — Республика күні неліктен еліміздің басты ұлттық мерекесі? Бұл сұраққа өзінің Телеграм арнасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин жауап берді.Мемлекеттік кеңесші Декларацияда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды: — 1990 жылдың дәл осы күні еліміздің Жоғарғы Кеңесінің отырысында 6 сағатқа созылған қызу талқылаулардан кейін Республиканың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Жобаның өзін депутаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінен құралған топ бес ай бойы әзірледі. Осылайша Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекеттік құжат белсенді қоғамдық талқылаудан өтті. Алғаш рет еліміздің егемендік құқықтары бекітілді: - Республиканың шекара аумақтарының бөлінбейтіндігі мен оған қол сұқпау қағидаттары; - Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі; - Республиканың азаматтық институты; - Республиканың мемлекеттік билігіне үстемдікті, дербестікті, ішкі және сыртқы саясаттағы өкілеттіктердің толықтығын бекіту; - барлық ұлттық байлықтар Республиканың айрықша меншігі болып жарияланды (жер және оның жер қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, экономикалық, ғылыми, техникалық әлеует); - Республиканың халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде әрекет ету, сыртқы саясат мәселелерін дербес шешу құқығы. Осылайша, 1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздігімізді алудың алғашқы қадамы жасалды. Республиканың егемендігі туралы Декларация – тарихтағы тұңғыш конституциялық құжат, қазіргі Қазақстан мемлекеттілігінің негізі. Бір жылдан кейін 1991 жылғы 16 желтоқсандағы декларация қағидаттары негізінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң еліміздің Егемен және тәуелсіз мемлекет мәртебесін түпкілікті бекітті. Сондықтан Республика күні – еліміздің шынайы Тәуелсіздікке жету жолындағы батыл қадамының басты белгісі. 1995-2001 жылдары бұл күн ұлттық мереке ретінде атап өтілді. Ал өткен жылы Мемлекет басшысы бұл мерекені қалпына келтіріп, Ұлттық мереке мәртебесін қайтару туралы шешім қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
19 киік жануарын тасымалдаған қызылордалықтар құрықталды
Brent мұнайының бағасы барреліне 82 доллардан асты
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Президент «жаңа олигархиядан» неге қорықты?
Алматы облысында есірткі курьері 16 жылға сотталды
Қазақстандық Таиландтан келген ерекше жөнелтілім үшін 16 жылға сотталды
Қытайдан келген тауарларды ұрлаған қойма қызметкерлері әшкереленді
Қазақстан дзюдошылары жылдың алғашқы Гран Слэм турниріне қатыспайтын болды
Қазақстандық шетелден есірткіге тапсырыс беремін деп 16 жылға сотталып кетті
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Қызылорда облысында жол талғамайтын көліктен қару мен рациялар табылды
Елімізде «Ұлттық кітап» байқауына өтініш қабылдау басталды
“Менен екі жас кіші“. Ayree екінші күйеуімен қалай танысқанын айтты
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
«Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтініш қабылдау басталды
Тарихта тұңғыш қазақ Apple компаниясының басшылық қызметіне тағайындалды
Петропавлдағы стадион аумағында өрт шықты (ВИДЕО)