Ерлер ерте қайтыс болады. Әйелдерге қарағанда 10 жыл аз өмір сүреді. Бұл-біздің емес, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Былтыр елімізде 66 мың ер адам өмірден өткен. Бұл нәзік жандылардың өлімімен салыстырғанда 10 мыңға көп. Бөріктілердің бұрымдылардан бұрын о дүниелік болары қаншалықты рас, әлде бұл жай сәйкестік пе? Аружан Задабек анықтап көрді.Бұрын "нағыз ердің жасы - елу" дейтін. Қазір, тепсе темір үзетін жігіт шағында «инсульт алыпты», «жүректен қайтыс болыпты», дейтін жайсыз жаңалықты жиі еститін болдық. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Еркек адамдар көбіне ауыр жұмыстар жасайды. Әйелдерге қарағанда, құрылыстарда. Сол себепті олардың өлуі тез. - Ауыр жұмыс істейді. Нервы. - Еркектер денсаулыққа мән бермейді. Әйелдер секілді уақытылы тексерілсе, бұлай болмас еді. - Уайым көп. Салауатты өмір салтын ұстанбайды және көп жұмыс істейді. Соңғы 10 жылда елде жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырағандардың саны 1,7 есе көбейген. Мамандар мұны ер-азаматтардың денсаулығына жүрдім-бардым қарап, аз қимылдауынан деп отыр. Айнұр ҮРКІМБАЕВА, КАРДИОЛОГ: Гостроген гармоны бізді инфаркт, инсульт ауруларынан сақтайды екен. Бірден-бір факторы, жүрек-қан тамырлары ауруының - холестерин. Гостроген гармоны холестериннен құралады. Әйелдер репродуктивті кезінде эстроген холестеринді ұстап тұрады екен. Қалай климакс кезеңге түседі, сол кезде эстроген төмендеп, холестерин көбейеді екен. Сол кезде ғана әйелде 50 жасқа таман жүрек-қан тамырлары ауруы кездеседі. Ал, еркектерде 40-тан асқан кезде пайда бола бастайды жүрек-қан тамырлары аурулары. Толқын МӘКЕНОВА, ПСИХОЛОГ: Өзімнің тәжірибемде әйелдер өздерінің күйеулерін, жолдастарын психологқа жібере алмай жатады. Өйткені мен псих емеспін деген сияқты қате пікірде. Сондықтан ер адамдар психологқа көп келе бермейді. Ал, негізінен келген кезде өздерімен жұмыс жасаған кезде жақсы-жақсы жетістікке жетуге болады. Мамандар ерлер арасында ауру-сырқау мен өлім-жітімнің көп болуын денсаулығына салғырт қарауымен байланыстырады. Әйелдер гинекологиялық тексерулерден жиі өтсе, ер азаматтардың денсаулығын бақылайтын уролог мамандар тапшы. Бұл да статистикаға әсер етеді.