Ерлердің өліміне не себеп?

Ер азаматтар арасында өлім-жітім көбейген. Мұның себебі неде? Еркектер әйелдерге қарағанда 10 жылға аз өмір сүретіні рас па? Рабиға Бақытжанқызы анықтап көрді. Бұрын "нағыз ердің жасы- елу" дейтін. Қазір, тепсе темір үзетін жігіт шағында «инсульт алыпты», «инфаркт болыпты», «жүректен қайтыс болыпты», дейтін жайсыз жаңалықты жиі еститін болдық. Мамандар мұны ерлердің эмоцияны іште бүгіп ұстауымен байланыстырады. Салдарынан, ағзада спазм пайда болып, соңы жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығады дейді. Айнұр ҮРКІМБАЕВА, КАРДИОЛОГ: Әйелдер репродуктивті кезінде эстроген холестеринді ұстап тұрады екен. Қалай климакс кезеңге түседі, сол кезде эстроген төмендеп, холестерин көбейеді екен. Сол кезде ғана әйелде 50 жасқа таман жүрек-қан тамырлары ауруы кездеседі. Ал, еркектерде 40-тан асқан кезде пайда бола бастайды жүрек-қан тамырлары аурулары. Соңғы 10 жылда елде жүрек-қан тамырлары ауруларына ұшырағандардың саны 1,7 есе көбейген. Мамандар мұны ер-азаматтардың денсаулығына жүрдім-бардым қарап, аз қимылдауынан деп отыр. Ал, жұрттың пікірі мынадай: БЛИЦ: - Бірінші кезекте Олимп қой. Лото. Арақ. Бәрі бар ғой. Содан өледі адам. - Экология шығар. - Ауыр жұмысқа байланысты. Ауа райына байланысты. Өз денсаулығына ер адамдардың көбі қатты қарай бермейді ғой. - Табиғат. Тағам. Ауа райы. - Көп темекі шегеді. Дұрыс өмір сүру салтын ұстанбайды. Ең өлім-жітімі жоғары елдердің ондығында Қазақстан да бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы 80 379 әйел, 95 410 ер адам қайтыс болған. Ал, 2022 жылы 56 175 әйел, 66 821 ер азамат өмірден өткен. Толқын МӘКЕНОВА, ПСИХОЛОГ: Өзімнің тәжірибемде әйелдер өздерінің күйеулерін, жолдастарын психологқа жібере алмай жатады. Өйткені мен псих емеспін деген сияқты қате пікірде. Сондықтан ер адамдар психологқа көп келе бермейді. Ал, негізінен келген кезде өздерімен жұмыс жасаған кезде жақсы-жақсы жетістікке жетуге болады. Ер азаматтар әйелдерге қарағанда 9-10 жыл кем өмір сүреді дейді мамандар. Бұл өмірде дәлелденген. Жол апатына жиі ұшырап, өзіне қол салатындардың басым бөлігі де -ерлер. Сананы нарық билеген заманда ер жігіттің әйеліне де, балаларына да масыл болғанын ешқашан қабылдаған емес. Сондықтан ер-азаматтар елге ғана емес, өздеріне де жауапкершілікпен қарауы қажет секілді. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?