Павлодарда әскери бөлімдер ерлермен қатар қыз келіншектерде қызмет атқарады. Олар да темірдей тәртібі қатал салада ерлермен бірдей иық тірестіріп жүр. Солардың бірі - Айжан Жақыпова. Әскери бөлімдегі арумен тілшіміз Өзгеріс Қуанар тілдесіп келді. Айжан Жақыпова - 6679 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Бала күнінен әскери адам болуды армандаған. Оған аға-әпкелерінің әскери қызметкер болуы түрткі болыпты. Темірдей тәртібі қатал салада өзін ер адамдардан кем санамайды. Барлық бұйрықты бұлжытпай орындап жүр. Айжан ЖАҚЫПОВА, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:Бір жағынан қызығушылығым болды. Үйімдегі туған туыстарым айтып, жүр деген сияқты ағаларым, апайларым осы әскери қызметте қызмет атқарады. Сол кісілердің артынан сол кісілердің ізін жалғап, келгім келді осы әскери бөлімге. Негізгі қызметі кітапхана ісі. Сарбаздарға түрлі әдеби, мәдени іс шаралар ұйымдастырады. Басты мақсаты сарбаздардың бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың жан жақты болуына септігін тигізу. Айжан ЖАҚЫПОВА, 6679 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:Қандай да бір мемлекеттік, ұлттық мерекелерде біз әр түрлі тақырыптар да мерекелік кештер, поэзия кештерін өткіземіз. Бұл дегеніміз сарбаздарды жауынгер ретінде ғана емес, басқа да қырларын көргіміз келеді. Олардың іштегі білімге деген құштарлығын оятқымыз келеді. Шығармашылықтарын көргіміз келеді. Айжан өзі де жан жақты маман. Жақында ғана «Ұлттық ұлан аруы» байқауында жүлделі үшінші орын алған. Арманы асқақ ару әскери қызметте жоғары жетістіктерге жетуді мақсат еткен.